сәрсенбі, 29 қаңтар, 2025 4:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 2029 жылға дейін 5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Жамбылда 2029 жылға дейін 5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Фото - ашық дереккөз
Аймақта коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 39 503 азамат тіркелген

Жамбыл облысында 2023-2029 жылдар аралығында 5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың сөзінше, кезектегі тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылуда.

- 2023-2029 жылдар аралығында облыс аумағында 5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. 2025 жылдың қортындысымен облыс аумағында 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2024 жыл 759мың шм). Кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2025 жылы  бюджет қаражаты есебінен 11,8 млрд.тг. 2024 жылдан өтпелі 2 550 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіп, кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде, Тараз қаласындағы «Әулие Ата» (14) жаңа шағын ауданында (автобекет маңындағы) 2024 жылы құрылысы бастау алған 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысын ағымдығы жылы аяқталады,- деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің соңындағы алқабында 1 176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін 7,7 млрд теңгеге өтінім ұсынылған.

- Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға Республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады,- дейді Ерлан Орынбаев.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар