дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 19:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 23 мопед ресми тіркелді

Жамбылда 23 мопед ресми тіркелді
Фото - ашық дереккөз
5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедті пайдалануға тыйым салынады

Жамбыл облысы ПД ӘПБ қызметкерлері рейстік автобустардың, маршруттық көліктердің жолаушылары мен мопед жүргізушілері арасында профилактикалық іс-шаралар өткізіп, оларға жадынамалар мен парақшалар таратты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтауға  ерекше назар аударып, сондай-ақ тұрғындарға мопедтерді қалай тіркеуге қою керектігін түсіндірді.

Күн сайын қоғамдық көлікті мыңдаған жолаушы пайдаланады. Олардың арасында мопед иелері де бар. Осыған байланысты полиция қызметкерлері автобустарға мопедтерді тіркеу ережелері мен қажетті құжаттар тізімі жазылған парақшалар жапсырды.

Мопедті тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға жеке куәлікпен (соның ішінде электронды), техникалық құжаттармен немесе мопедтің сипаттамаларымен бару қажет. Одан кейін өтініш толтырып, көлікті тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу керек.

Тіркеу басталғалы бері Жамбыл облысында 23 мопед есепке қойылды.

- Жамбыл облысының Полиция департаменті биылғы жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатынын еске салады. Бұзушылықтарға жол бермеу үшін мопедті уақытында тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынады,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар