Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 27 мыңнан астам қала баласы жазғы демалысын ауылда өткізіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 14 шілде, 2021
- 170
Жамбылда 27 мыңнан астам қала баласы жазғы демалысын ауылда өткізіп жатыр
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов баяндама жасады. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап мектеп жанындағы 414 лагерьде 23893 бала демалып, түрлі бағыттар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар және сабақтармен қамтылған.
«Жазғы демалыс кезінде ауылдық жерлерге ата-әжелеріне демалысқа кеткен оқушылардың да есебі жүргізіліп жатыр. Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларында тұратын 27 мыңнан астам бала ауылдарда демалуда», - деді Т.Жамалов. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысына жергілікті бюджеттен 555 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Қала сыртындағы жеті балалар лагерінде қажетті медициналық тексеруден өткен 4172 бала сауықтыру және ойын-сауық шараларымен қамтылған. Спикердің айтуынша, мектептерде турникеттер орнатылып, дабыл түймелері, бейнебақылау камералары Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктіріледі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардан «Берікқара», «Болашақ» лагерьлерінің жұмысына қатысты шағым түскен болатын. Т. Жамалов қазір ондағы жағдай толығымен бақылауға алынғанына сендірді. «Оқушылардың қауіпсіздігі мен амандығы бәрінен маңызды. Олар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру қажет. Киіз үй лагерлерін, тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастыру керек. Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Мұғалімдер мектептердің дайын екенін айтуда. Бірақ алдын ала тексеру жүргізіп, барлық проблемалық мәселелерді зерделеу бойынша жұмыс жүргізіңіздер», - деп облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала