жұма, 18 сәуір, 2025 5:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда "Ғаламдық диалог шеңбері" форумы басталды

Жамбылда "Ғаламдық диалог шеңбері" форумы басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Аталған шара 10-11 сәуір күніне жоспарланған

Жамбылда Қазақстан Орталық Азия мен Әзірбайжан еріктілерінің басын қосқан "Ғаламдық диалог шеңбері" форумы басталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің мәжіліс залында өтіп жатқан пленарлық сессияға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінен 70-тен астам делегат келді. Бұдан өзге еліміздің түкпір-түкпірінен қоғамдық істерге атсалысып жүрген еріктілер де жиналды. 
Волонтерлік саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін ауқымды шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ ұйымдастырған. 
Жиынға бейнебайланыс арқылы қосылған Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова форумның волонтерлік қызметтің үздік тәжірибелерін ұсыну, еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылына ұсыныстар әзірлеу және өңірдегі волонтерлік қозғалысты дамытуда көшбасшы ретінде Қазақстанның жетістіктерін танымал ету жөнінде маңызы зор екенін атап өтті. 
Сондай-ақ, университет ректоры Махметғали Сарыбеков еріктілердің қоғам өмірінде алар орны ерекше екенін жеткізді. 
Іс-шараға қатысушылар волонтерлік саладағы кейстерді бөлісіп, тәжірибе алмасты және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. 

"Ғаламдық диалог шеңбері" - бұл аймақ еріктілерінің күш-жігерін біріктіруге арналған алаң. Еріктілік БҰҰ – ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде климаттың өзгеруімен күресуден бастап, теңдікті қамтамасыз етуге дейін шешуші рөл атқарады. Қазақстанда ол сын – қатерлерді еңсеруге және орнықты болашақ құруға көмектесе отырып, елдің әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді", - деп атап өтті Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетов. 

Жиын барысында волонтерлер тұрақты даму жолында Халықаралық волонтерлер жылын өткізу бойынша жаңа бастамалар ұсынды. 
Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар