Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 27 желтоқсан, 2023
- 575
Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл күні тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы №2 қарттар үйіне арнайы барып, ондағы ардагер қарияларға сый-сияпаттарын табыс етті.
- Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келдіңіздер. Мемлекет еш уақытта сіздерді қамқорсыз қалдырмайды, біз қарияларымыздың алдында қарыздармыз, – деді өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов.
Өз кезегінде қарттар үйінің тұрғындары тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдіріп, баталарын берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Құмар ойынның құрбаны болғандар: Көрсеткішті төмендету мүмкін бе
- авторМағжан Орынбасар
- 8 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жеңіл ақша жасөспірімдерді қылмысқа итермелеп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 8 желтоқсан, 2025






