Жамбылда Балаларды қорғау күні кең ауқымда аталып өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 2 маусым, 2025
- 212

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңір басшысы барша жамбылдық бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
– Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балаларға жағдай жасау, олардың алаңсыз, сапалы білім алуын тұрақты бақылауда ұстап келеді. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына, әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. Жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Барша бүлдіршінге шуақты жаз айымен қатар келген мерекеде шаттыққа толы балалық шақ пен бақытты ғұмыр тілеймін! – деді Ербол Қарашөкеев.
Шара барысында балалардың көңілін көтеріп, өнері мен дарынын дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен шығармашылық көріністер ұйымдастырылды. Кішкентай қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл күн жарқын әсерлерге толы болды.
«Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында өткен мерекелік іс-шара тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жергілікті биліктің қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара аясында мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оларға 4 мыңға жуық бала белсене қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Алдын алу шаралары - өртті тұсаулау бойынша бас көмекші
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025