Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда бауыр ауруымен ауыратындар саны 26 есе азайды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қыркүйек, 2024
- 379
Биылғы жылдың 8 айында облыста мұндай дерттің 87 жағдайы тіркелді
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жамбылда "А" гепатитімен ауыратындар 26 есе азайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Неили Муликова өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында бауыр аурулары жөнінде сөз қозғады. Дерттің түрлері жөнінде, оның алдын-алу шаралары жайында мәлімет берді.
- Көбінесе аурудың себебі болуы мүмкін үш түрі тіркеледі: "А", "В" және "С" гепатиттердің вирустары. Бұл ретте, әртүрлі гепатиттердің клиникалық көріністерінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ бұл инфекциялардың берілу жолдары мен түпкі нәтижелері әр түрлі. Аурулардың нәтижелері де әртүрлі: "А" гепатиті жедел инфекция ретінде жүреді және созылмалы түрге өтпейді. Бірақ жедел вирустық "В" гепатитінің шамамен 15% және жедел вирустық "С" гепатитінің 70% - дан астамы созылмалы түрге өтеді. Осы инфекцияларға қарсы екпенің тиімділігін атап өткім келеді. Біздің облыста, бүкіл елдегідей, В гепатитіне қарсы екпе 1998 жылдан, ал А гепатитіне қарсы екпе 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді ,- деді маман.
Сонымен қатар, облыс бойынша статистикалық мәліметтерге де тоқталды.
- Халық арасында, оның ішінде балалар арасында сырқаттанушылық бірнеше есе төмендеді. Мысалы, егуге дейінгі кезеңмен салыстырсақ, 2001 жылы "А" гепатитінің 2261 жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың 8 айында "А" гепатитінің 87 жағдайы тіркелді, 26 есе төмендеді, "В" гепатитімен сырқаттанушылық 1998 жылы 928 жағдайдан ағымдағы жылы 1 жағдайға дейін төмендеді. Жалпы, жыл сайын осы инфекциялардан облыста 23000-нан астам бала екпе алады, бірақ өкінішке орай, ата-аналар екпеге әрдайым оң көзқараспен қарамайды, сондықтан бас тарту жағдайлары орын алуда,- деді Неили Муликова.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз