жексенбі, 24 қараша, 2024 23:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бес күнде 37 қылмыс ашылды

Жамбылда бес күнде 37 қылмыс ашылды
ашық дереккөзі
Жамбылда бес күнде 37 қылмыс ашылды
Жамбыл облысының аумағында биылғы жылдың 19-23 шілдесі аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. «Бұл іс-шараның мақсаты көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев. Алдын алу іс-шарасына ішкі істер органының 650-ден астам қызметкері және әскери қызметшілер, қоғамның 30 өкілі тартылды және 232 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 52 қылмыс дерегі тіркелді, оның 37-нің ізі суымай ашылды. «Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген жеті адам ұсталды, жалпы салмағы 7 келі 659 гр марихуананы заңсыз айналымға салудың сегіз дерегі анықталды. Тегіс ұңғылы атыс қаруын алып жүрудің немесе сақтаудың 1 дерегі және суық қаруды алып жүрудің 2 дерегі (аңшылық пышақ және қолөнер кастеті) анықталды»,- делінген ведомство хабарламасында. Бұдан басқа, 2557 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасы желісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша (ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) ТМД азаматтарының 62 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Қабылдау-тарату орнына 40 адам, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына 105 адам орналастырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар