Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда бір тәулікте жедел жәрдем шақырту саны 1800-ден асты
- авторjambylinfo.kz
- 23 тамыз, 2021
- 146
Жамбылда бір тәулікте жедел жәрдем шақырту саны 1800-ден асты
Өңірлердегі барлық аурухана мен емхана күрделі жұмыс кестесіне ауысқан. Облыста қатаң карантин шаралары енгізілді. Осынау сын сағатта негізгі салмақ жедел жәрдем қызметіне түсті. Бір күнде шақырту саны 1800-2000-ға дейін өсіпті.
«Біздің станса – Жамбыл облысындағы үлкен мекемелердің бірі. Мұнда қызметкерлер де өте көп. Бір тәулікте облыс тұрғындарына 93 бригада қызмет көрсетеді, 93 жүргізуші мен 150 медицина қызметкері күндіз-түні аяғынан тік тұрып, жаны қиналғандарға алғашқы көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда ауруханаларға жеткізеді», – дейді облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.
Соңғы тәулікте 1 800-ден астам қоңырау соғылды. 226 адам коронавирус инфекциясымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Облыста 2 130 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Жатын орын 59 пайызға толтырылған. Жансақтау бөлімшесінде - 173 пациент емлуде.
«Егер 103 нөмірін теру кезінде бір себептермен қиындық туындаса, онда 9103 нөміріне қоңырау шалуға болады», - дейді К. Қызғараева.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024