Жамбылда «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының қорытынды отырысы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 20 тамыз, 2024
- 563
Жамбыл облысында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» арнайы жобасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Осыған орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ербол Қарашөкеев жемісті жоба алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба беретініне сенім білдірді.
- Аталған жоба оң нәтижесін беретініне мен сенімдімін. Халқымызда «бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақыл сөз бар. Ынтымағы жарасқан елдің болашағы жарқын болады. Облыста тұратын әрбір этнос өкілдерінің ұлтына, тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарау – біздің басты міндетіміз. Еілімізде әркез достық және өзара сыйластық арқасында елімізде береке-бірлік орнаған. Осы бірлікті біз сақтауымыз керек,- деді Ербол Қарашөкеев.
Мұнан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының мақса¬тына тоқталып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен сақтаудың маңызды¬лығын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәдениетін, қоғамдағы бірлік пен келі¬сімді нығайтуға баса назар аударды. Бұдан бөлек, жиында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Дүйсембайұлы Баймульдинов пен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері Руслан Алтайұлы Тоқатов баяндама жасап, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері, ҚХА ХХХІІІ сессиясының басымдықтары, ҚХА отырыстарында көтерілген өзекті проблемалар жөнінде әңгіме өрбітті.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024