жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда Дінмұхамед Қонаевты еске алу кеші өтті

Жамбылда Дінмұхамед Қонаевты еске алу кеші өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шара барысында Дінмұхамед Қонаевтың еңбегі мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, дара тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың естелік эсселерінен құралған «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабына арналған «Тарихтың төріндегі тұлға» атты ой талқы кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға қоғам мен әдебиетке еңбегі сіңген белгілі тұлғалар қатысты. Атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Қибат Тлеуқұлұлы Асқарбеков, журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы, сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен әдебиеттанушы ғалымдар ой бөлісті.

Кеш барысында қонақтар Дінмұхамед Қонаевтың тағылымды ғұмырын, елге сіңірген еңбегін сөз етіп, оның қайраткерлік болмысынан бүгінгі ұрпақтың алар өнегесі зор екендігін атап өтті. Олар тарихи тұлғаның өмір жолын қазіргі заманмен сабақтастырып, жастарға бағыт-бағдар берудің маңызын жеткізді.

Жиын аясында Дінмұхамед Қонаевтың еңбегі мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ой талқыға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінің және ҚР Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының сарбаздары да қатысып, қайраткердің елге қызмет ету жолынан тағылым алды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар