Жамбылда идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:30
- 39
Бүгін Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен идеология саласы бойынша алқа мәжілісінің отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Келелі кездесуге аталған салаға жауапты өңірдің барлық атқарушы билік өкілдері мен мемлекеттік емес ұйым төрағалары, қоғамдық бірлестік жетекшілері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Маңызды басқосуда облыс әкімдігіне қарасты – ақпарат және қоғамдық даму, білім, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, сондай-ақ, дін істері мен дене шынықтыру сынды бес басқарманың басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп берді.
Сонымен қатар, әр сала қатысты ілкімді істерге оң пікір айтылып, тиісінше межелі уақыттан кешіккен атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша сұрау салынды. Сын-ескертпелер айтылды.





