дүйсенбі, 25 қараша, 2024 7:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын мас күйінде рөлге қайта отырған

Жамбылда көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын мас күйінде рөлге қайта отырған
ашық дереккөзі
Жамбылда көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын мас күйінде рөлге қайта отырған
Жамбыл облысында мас күйінде көлік жүргізгені үшін құқығынан айырылған жүргізуші ішімдік ішіп алып, қайта рөлге отырған. Т.Рысқұлов ауданының Өрнек ауылы көшелерінің бірінде учаскелік инспекторы өзіне сеніп тапсырылған әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатты. Автокөлік рөлінде 45 жастағы аудан тұрғыны мас болған. Белгілі болғандай, 2020 жылдың 15 қаңтарында сот шешімімен ол үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен. Алайда, жауапсыз азамат басқа адамдардың өміріне қауіп төндіре отырып, мас күйінде көлікке қайта отырған. «Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік қазіргі уақытта айыптұрағына қойылды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар