Жамбылда кедергілерге тап болған 21 инвестордың мәселесі шешілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:42
- 34
Өңірде облыс прокуратурасының бастамасымен инвесторлар мен бизнес құқықтарын қорғау форумы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері және инвесторлар қатысты.
Форумда жалпы өткен жылы инвесторлар құқығын қорғау бойынша атқарылған жұмыс қорытындыланып, кәсіпкерлер жиі кездесетін кедергілерді жою бойынша қабылданатын шаралар талқыланды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Абай Алтаевтың айтуынша, былтыр облыста 21 инвестордың мәселесі оң шешімін тапқан.
- Өз кезегінде, өткен жылы прокурорлар қадағалау және үйлестіру шараларымен өз бастамаларын жүзеге асыру барысында түрлі қиындықтарға тап болған 21 инвестордың мәселелерін шешті. «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында 8 орта және ірі бизнес субъектісі заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартудан және негізсіз салық тексерулерінен қорғау алды. 2024 жылы прокурорлар 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, 44 лауазымды адамды тәртіптік жауапкершілікке тартты және бизнес субъектілерінде 5 жүйелі мәселені шешті. Прокуратураның табысты жұмысының мысалдарының бірі — облыстың 45 кәсіпкерінен алынған салықтардың 3 млрд теңгеден астам сомасын қайтаруы,- деді Абай Алтаев.
Сонымен қатар, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров биыл 3 трлн теңгеден астам инвестицияларды көздейтін 80 инвестициялық жобаның прокурорлардың ерекше бақылауында болатынын атап өтті.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек баяндама жасап, өңірдегі инвестициялық саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, Жамбыл облысының 41 инвестициялық жобасы платформаға енгізіліп, жол карталары жасақталған.
- 2024 жылдың қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 506,8 млрд. теңгені құрап отыр. Былтыр жалпы құны 214 млрд. теңгені құрайтын 35 инвестициялық жобалар іске асырылып, 1453 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2025 жылы жалпы құны 121,7 млрд. тенгенің 33 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұлардың ішіндегі 11 жобада проблемалық мәселелер шешілген. Қазіргі таңда, жалпыұлттық пулға 47 жоба енгізілді. Сонымен қатар, жалпыұлттық пулға енген жобаларды «Ұлттық цифрлық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға» енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, Жамбыл облысының 41 инвестициялық жобасы платформаға енгізіліп, жол карталары жасақталды. Бұл инвесторлардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және жобаларды жүзеге асыру кезеңінде тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді,- деді Әбілхайыр Тамабек.
Жиында қорытындылаған аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бизнестің құқықтарын қорғаудың өңір экономикасының тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, инвесторлар жаңа жұмыс орындарын құру мен жергілікті экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда негізгі рөл атқаратынын айтты.
Форумда өңірлік «Атамекен» ҰҚП базасында бизнестің проблемалық мәселелерінің біріккен реестрін құру туралы шешім қабылданды. Бұл кәсіпкерлердің сұрақтарын жүйелендіруге және тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда құны 50 млн теңге тұратын темекі тәркіленді
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
Тараз қаласының бас онкологы пара алды деп айыпталуда
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2025