Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда коронавирус инфекциясының 2 жағдайы тіркелді
- авторjambylinfo.kz
- 14 қазан, 2020
- 354
Жамбылда коронавирус инфекциясының 2 жағдайы тіркелді
Ағымдағы жылдың 12 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 2 жағдайы тіркелді, оның біреуі симптомсыз.
Атап айтсақ, Шу ауданында коронавируспен ауырған ер адам өзінің 81 жастағы анасы мен екінші сыныпта оқитын қызына инфекцияны жұқтырған.Зейнекткерден коронавирустың симптомды түрі анықталып, ол инфекциялық стационарға жатқызылды.
Ал қыз баланын аурудың симптомсыз түріне шалдыққаны белгілі болды. Қазір ол үй карантиніне алынды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 12 қазанындағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 4145 жағдайы тіркелсе, ауруханалардан 4058 науқас емделіп шыққан.
gov.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз