сенбі, 10 қаңтар, 2026 7:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда мәдени және спорттық іс-шаралардағы қауіпсіздік талаптары қатаңдатылды

Жамбылда мәдени және спорттық іс-шаралардағы қауіпсіздік талаптары қатаңдатылды
Фото: Polisia.kz
Іс-шара Жамбыл облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Жамбыл облысында бұқаралық іс-шараларды өткізу тәртібі күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңес өтті. 

Кеңеске Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, сондай-ақ өңірдегі жеке күзет ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жеке күзет құрылымдарын тарту тетіктері жан-жақты талқыланды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ұйымдастырушылардың, күзет ұйымдарының және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Серік Әлдібеков өзара іс-қимылды күшейту азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімді тетігін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар жиын барысында білім беру ұйымдарындағы күзет қызметін ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар түсіндірілді. Құжатта күзет қызметкерлерінің кәсіби даярлығы, техникалық жарақтандырылуы және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібі нақты айқындалған.

Кеңес қорытындысында қатысушылар қауіпсіздіктің жаңа стандарттарын сақтау азаматтардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі әрі төтенше жағдайлардың алдын алудағы маңызды шарт екенін атап өтті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар