Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда өндірілген жіп агроқұрылымдардың кәдесіне жарап тұр
- авторjambylinfo.kz
- 29 қараша, 2021
- 379

Жамбылда өндірілген жіп агроқұрылымдардың кәдесіне жарап тұр
«TarazPlastic» ЖШС зауытынан шыққан жіпті шөп тайлауға, баулауға, ағаш бұталарын бууға, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да мақсаттарына пайдалануға болады.




«Қандай да бір өнімді шығармас бұрын, біз алдымен оған деген сұраныстың бар-жоғын зерделеп алып, жоспарлаймыз. Негізінен мал шаруашылығына арқан, егін шаруашылығына жіп өндірісін жолға қою идеясы құрылтайшылардан басталды. Олар облысымыз бен басқа өңірлердегі қожалықтардың сұранысын зерделей келе, осы қадамға барды. Сөйтіп 2019 жылы кәсіпорын жанынан арқан, жіп цехтары ашылды. Бізде жіптің ондаған түрі өндіріледі. Шикізат қорын да жасап алдық», - дейді Бибігүл Мырзағалиқызы.




«Зауытқа қажетті құрал-жабдықтарды шет мемлекеттерден сұрастырып, Үндістаннан таптық. Ол құрал-жабдықтарды әкеліп орналастыру үшін 150 миллион теңге қаржы қажет болды. Бұл істе бізге «Даму» қорының көп көмегі тиді», - дейді серіктестік директоры.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала