жексенбі, 24 қараша, 2024 2:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс саны азайған

Жамбылда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс саны азайған
ашық дереккөзі
Жамбылда қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс саны азайған
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов алты айдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстар саны 1,8 пайызға төмендегенін хабарлады. Аталмыш кезеңде 60-тан астам жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыс саны азайған. Сапарбаев интернет-алаяқтықтың күрт өскенін атап өтіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шара қабылдауды тапсырды. Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да өзекті мәселелері талқыланды. «Ведомствоаралық комиссияның өткен отырыстары барысында аудан әкімдеріне әр ауылда учаскелік инспектор тағайындау, оны тұрғын үймен қамтамасыз ету, полиция қызметкерінің сол ауылда тұруы, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауы тапсырылған болатын. Оған сеніп тапсырылған аймақтағы тыныштық пен тәртіп учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына байланысты. Барлық учаскелік инспекторлар автокөлікпен қамтамасыз етілген. Бірақ олардың барлығы қызмет орны бойынша тұрып жатқан жоқ. Бұл мәселені уақыт созбай шешу қажет», - деп Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен талап қойды. Бұдан соң облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Ашкеев баяндама жасады. Ол жол-көлік оқиғаларының өскенін хабарлады. Апаттың негізгі себептерінің бірі –жылдамдықты арттыру. Бердібек Сапарбаев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау бейнекамераларын орнату, жолдардың сапасын жақсартудын маңыздылығын атап өтті. Бұл міндеттер полиция департаменті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалына жүктелген. «Таразда жүргізушілер көліктерін жол бойына қойып кетуді әдетке айналдырған. Дұрыс тұрақтамағаны үшін тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту керек», - деп атап өтті облыс әкімі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар