Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда облысында 11 дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынуда
- авторjambylinfo.kz
- 8 желтоқсан, 2021
- 205
Жамбылда облысында 11 дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынуда
Жамбыл облысы халқының үштен бірі бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысады. Өңірде 43 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Тағы осындай 11 нысанның құрылысы жүруде. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.
Аймақ басшысы өңірде спорт, білім және денсаулық сақтау салалары бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Тиісті шаралардың дер кезінде жүргізілуінің нәтижесінде өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспары 98 пайызға орындалды.
Жергілікті бюджеттен медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайтуға 3,1 млрд.теңге бөлінген. 2 МРТ аппараты, 3 КТ, 2 эндобейне-хирургиялық кешен, 3 УДЗ аппараты, қарқынды терапияға арналған 2 көліктік инкубатор, жаңа туған нәрестелерге арналған 10 ашық реанимациялық жүйе, 40 функционалдық кереует сатып алынды.
Ағымдағы жылы облыста 23 білім беру нысанының құрылысына 11,1 млрд.теңге бөлінген (19 мектеп, 4 қосымша құрылыс). Бүгінгі таңда 11 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Нәтижесінде 2 апатты, 1 үш ауысымды және 3 орын тапшылығы бар мектептің мәселесі шешілуде. 16 мектеп күрделі жөндеуден өтті.
Сондай-ақ, 12 жеке меншік мектеп ашылған.
Облыста 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз, 1-6 жастағы балалардың 91,5 пайыз қамтылған.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 46938 балаға көмек көрсету үшін жаппай оқыту қорынан 3,6 млрд.теңге бөлінді.
Өңірдегі барлық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау камералары орнатылған.
- Бүгінгі таңда облыстағы 99 мектептің бейнебақылау камералары Жамбыл облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. 147 мектепте «Дабыл түймесі» орнатылған, 109 мектеп «мандандырылған күзет» қызметімен қамтылған, - деді өңір басшысы.
«Жас Маман» жобасы бойынша колледждерде 12 құзіреттілік орталығы ашылды. 15 әлеуметтік павильонда студенттер дайындаған аспаздық жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдер сатылуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала