жексенбі, 24 қараша, 2024 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖАМБЫЛДА ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАМЕН БІРГЕ, СПУТНИК V, «КОРОНАВАК» «СИНОФАРМ» ЕКПЕЛЕРІ БАР

ЖАМБЫЛДА ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАМЕН БІРГЕ, СПУТНИК V,  «КОРОНАВАК» «СИНОФАРМ» ЕКПЕЛЕРІ БАР
ашық дереккөзі
ЖАМБЫЛДА ОТАНДЫҚ ВАКЦИНАМЕН БІРГЕ, СПУТНИК V, «КОРОНАВАК» «СИНОФАРМ» ЕКПЕЛЕРІ БАР
Жамбыл облысында 13 қазан күнгі жағдай бойынша COVID-19 індетін 20 463 адам жұқтырған. Ал пневмониямен 7 600 азамат ауырған. Өткен тәулікте КВИ-дың 25 жағдайы тіркелсе, пневмониямен 14 науқас ауруханаға түскен. 19 534 азамат сауығып шықты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде жергілікті әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиев айтты. Оның мәліметінше, бүгінде инфекциялық стационарларда 476 адам емделіп жатыр. Оның 58-і реанимацияда ем қабылдауда.
«Карантиндік стационарға 5 тұрғынды орналастырдық. Инфекциялық стационарлардағы науқастардың денсаулықтары тұрақты бақылауда», - деген ол аймақта 18 жастан жоғары 582 мың адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жоспарланғанын еске салды. Қазіргі таңда 464 982 тұрғын екпе алып үлгеріпті. Бұл өңір халқының 79,9 %-ын құрайды.
Әсет Әскерұлы Жамбыл облысындағы 23 денсаулық сақтау ұйымында 43 егу пункті бар екенін жеткізді. Мұның 15-і қалалық жерде, 28-і аудандарда орналасқан. Ал биылғы 1 ақпаннан бастап облысқа 57 070 доза QazCovid-in отандық вакцинасы келсе, Спутник V вакцинасының 351 700 доза бірінші компоненті, 316 070 доза екінші компоненті жеткізілген. Сонымен қатар 60 000 доза «Хаят Вакс», 34 000 доза «КоронаВак», 124 000 адамға арналған Vero Сell Синофарм екпелері келген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар