Жамбылда отшашуды заңсыз сату бойынша 7 дерек анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:41
- 43
Жамбыл облысында полицейлер заңсыз пиротехника сатушыларды анықтауда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Полиция қызметкерлерімен Жамбыл облысы аумағында алдағы мерекелер мен Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуы мен пайдаланылуының алдын алу мақсатында 2025 жылғы 5 желтоқсаннан 2026 жылғы 3 қаңтарға дейін «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
- Іс-шараға арнайы мобильді топ жұмылдырылды. Өңірде аталған бағытта бүгінгі күнге дейін 159 рейдтік тексеру жүргізіліп, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 7 дерек анықталды. Жамбыл облысы Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы, тыйым салынған орындарда пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Заңды сақтайық — Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алайық, - деп мәлімдеді облыстық ПД.






