жексенбі, 24 қараша, 2024 17:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды

Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды
ашық дереккөзі
Жамбылда үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды
Заманауи үлгіде жабдықталып, білікті дәрігерлерден тұратын медициналық орталықтарТараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтароблыста алғаш рет  ашылды. Бұндай игі бастаманың басты мақсаты –инновавиялық озық технологияларды пайдалана отырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін аттыру, олардың халық денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру және науқастарға сапалы әрі шұғыл қызмет көрсетугебағытталған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб, Медициналық Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Меркі ауылындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі үздік практикалық орталығының ашылуына қатысты.
- Барлығымыздың басты міндетіміз – халықтың денсаулық, өмір сүру сапасын арттыру. Мемлекет басшысының қазақстандықтардың орташа өмір сүру мерзімін 75 жасқа жеткізу бойынша тапсырмасына сәйкестүрлі шаралар қабылдануда. Денсаулық сақтау нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайып, дәрігерлердің айлық жалақылары да еселеп көтерілуде. Бала туу көрсеткіші мен халық санының өскендігі қуантады. Пандемия кезінде бұл жаман көрсеткіш емес. Мұның барлығы да мемлекет тарапынан қолға алынған жүйелі жұмыстар мен мамандардың өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруының жемісі-деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі өткен жылы өңірде 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 8 нысан ашылатынын жеткізді.Таразда облыстық онкологиялық диспансер іске қосылады.Өңірдің бес бірдей ауданыКТ аппратыменқамтылған. Сол секілді, Меркі ауданында да КТ және магнитті-резонанстық томография бар.
- Біз барлық аудандарды КТ аппараттарымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз.  Маман тапшылығын шешу жолында  «Дипломмен – ауылға!» бағдармасының мүмкіндіктерін барынша пайдаланудамыз.  Тараз қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығын ашу жолында көп жұмыс атқарылғанын айтты.
-  Денсаулық сақтау – ең бір назар аударатын сала. Мен Қазақстанда бұл салаға барынша көңіл бөлініп келе жатқанына көзім жетті. Жаңа диагностикалық орталықтар, заманауи емдеу мекемелері салынып, олардың соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталуы сөзіме дәлел. Оның бір айғағы ретінде, небәрі 9 ай ішінде, өте қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаның жүзеге асуы. Мен бұл жерде төрт факторды атап көрсеткім келеді. Біріншісі– мемлекеттің қолдауы. Ел деңгейінде қолға алынбаса, мұндай тірлікті соңына жеткізу мүмкін емес. Бұл жерде осы жобаның тиімділігін дәлелдеп, іске бар ықыласымен кіріскен облыс басшығына дән ризамын. Екінші фактор–көшбасшылық болса, үшіншісі әріптестік. Сонымен қатар қызметкерлердің бірлігі мен біліктілігі маңызды рөл атқарады. Міне, осының бәрі ортақ мүддеге ойысып, керемет іс атқарылды. Заман талабына сай жаңа нысанда мобильді бригада қызметке кірісті. Ең бастысы мұның барлығы да халықтың болашағына бағытталып отырғанын түсінуіміз керек,-деді Мелитта Якаб.
Аудандық орталық аурухана базасында ашылған бұл орталықта барлығы арнайы дайындықтан өткен 10 білікті маман қызмет көрсетеді. Олардың төртеуі дәрігер, алтауы орта буын медициналық қызметкерлері. Бұдан соң облыс әкімі Ақтоған ауылдық округінде 300 тұрғынға берілетін жер теліміне жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмысымен танысты. Бұл аумаққа былтырдан бері жол мен электр жүйесі үшін “Нұрлы жер" бағдарламасы аясында  600 миллион теңге жұмсалған. Енді ауыз су тартуға 370 миллион теңге бөлінеді деп күтілуде. Ауылдық округтің әкімі Тұрар Дулатбаев округ бойынша 600 тұрғын жер кезегінде тұрғандығын жеткізді.
- Инфрақұрылым тарту жұмыстарының басталғанына екі жылға жуықтады. Бірақ, қозғалыс баяу. Тұрғындар қызығушылық танытып келіп жатыр ма? Ауыз суға бөлінетін қаражатты қоса есептегенде мұнда 1 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінуде. Оның іздеу- сұрауы болу керек. Тұрғын үйлердің сырт келбетіне де назар аударыңыздар. Себебі, бұл ауыл үлкен автобанның бойында,  сырттан қонақтар көп өтетін жерде орналасқан. Бәрін ескеріңіздер, - деді Бердібек Сапарбаев.
Келесі кезекте облыс басшысы Меркі ауылындағы “Нұрай" жекеменшік оқыту орталығына ат басын бұрды. Мұнда 1-4 сынып бойынша 120 бала білім алуда. Барлығы 8 сынып бар. Оның алтауы қазақ, екеуі  орыс тілдерінде білім береді. 11 мұғалімнің жалақысы мемлекеттік мектептегі ұстаздардың жалақысынан біршама жоғары. Орталық директоры Гүлнұр Отарбаева мұнда жас ұрпаққа барлық жағдай жасалғанын айтты. Облыс әкімі оқушыларды әңгімеге тартып, оқуда озат болуларын тіледі.
 - Мұндай жекеменшік орталықтар көптеп ашылуы тиіс. Сонда мемлекеттік мектептермен арада бәсекелестік орнайды,- деп өз ойын білдірді.
Аймақ басшысы балық өсірумен айналысатын “Рузиев" шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Шаруа қожалық төрағасы Азиз Рузиев Германияда жұмыс істеп тәжірибе жинаған. Ол  5 миллион теңге қайтарымсыз несие алып, осы көлге 5 мың форель балығының шабағын жіберген. Жергілікті екі тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Облыс әкімі іссапарын  алма өсірумен айналысатын "Береке" шаруа қожалығында түйіндеді. Мұнда 25 гектарға алманың сапалы сорты өсірілуде. Қожалық мүшесі Берік Егембердиев былтыр аталған алма бақтың гектарына 250 тоннадан өнім алса, биыл да сол межеден шығып отыр. Мұндағы алма өнімдері Бахрейнге, алыс-жақын шетелге экспортталуда. Одан бөлек бұл шаруашылық 10 сотық жерге еккен құлпынайдан 15 тонна өнім алыпты. Бұл құлпынай алқабы тамшылатып суару тәсілімен ылғалданады. Құлпынайдың әр келісі 2 мың теңгеден өткерілгенін ескерсек, кәсіпкер қанша табыс тапқанын есептеу қиын емес. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  жұмыс сапары соңында белсенді шаруашылықты қолдау туралы аудан әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар