жұма, 20 ақпан, 2026 19:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда

Жамбылда сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда
Фото - ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің нұсқауын орындау мақсатында Жамбыл облысында сотталған азаматтарды ақылы еңбекпен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті-ға қарасты №58 мекемеде 11 жеке кәсіпкер мекеме аумағында өндіріс орындарын ашып, сотталғандарды тұрақты ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Солардың бірі — «Асима» жеке кәсіпкерлігі. Кәсіпкер өндірістік аймаққа келіп, жұмыс барысымен танысты және алдағы тапсырыстар бойынша келіссөздер жүргізді. Жоспарланған жұмыстарға сотталғандарға арналған қоқыс салатын урналар, көше жиектері және ағаш поддон өнімдерін дайындау кіреді.

Мұндай өндірістік жобалар сотталған азаматтарды еңбекке тарту арқылы олардың кәсіби дағдыларын дамытуға, қоғамға бейімделуіне және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар