Жамбылда тағы бір ауыл қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2025
- 307
Жамбыл облысының Жалғызтөбе ауылдық округінде прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған су құбыры желілері мен су жинау құрылыстарының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға Байзақ ауданының прокуроры мен әкімі, сондай-ақ ауылдың құрметті тұрғындары мен ақсақалдары қатысты.
Жоба аясында Төрткөл ауылының 274 тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Атап өту қажет, аталған өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құрылыс жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген.
Қазіргі таңда облыста денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 19 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы Жамбыл облысы прокуратурасының бақылауында.
Ұқсас жаңалықтар
«Алматы–Ташкент–Термез» тасжолының бір бөлігі жабылды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 ақпан, 2026
Өңірлік коалиция мүшелері жұмысшылармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 24 ақпан, 2026






