Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдағы қатты дауыл салдарынан 53 тұрғын жарақат алған
- авторjambylinfo.kz
- 19 қараша, 2021
- 145
Жамбылдағы қатты дауыл салдарынан 53 тұрғын жарақат алған
Жамбыл облысында кеше болған қатты желден 53 азамат медициналық көмекке жүгінген. Тараз қалалық көп бейінді ауруханасына 43 адам қайырылып, 4-і стационарға жатқызылған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жергілікті әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Оның мәліметінше, Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 4 бала түскен, 3-еуі стационарға жатқызылып, 1-еуі амбулаторлы түрде ем қабылдаған.
©©©
«Байзақ аудандық орталық ауруханасына 6 адам қайырылып, 1 адам стационарға жатқызылды, 5 адам амбулаторлы түрде ем қабылдады. Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан болған, бас, аяқ, қол және тағы басқа жарақаттарды алған», - деп түсіндірді Әсет Әскерұлы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз