Жамбылдағы сұйылтылған газға деген қажеттілік қашан өтеледі
- авторМағжан Орынбасар
- 1 тамыз, 2024
- 412
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ғалым Исақов «Тенгизшевройл» ЖШС зауытынан өңірге коммерциялық бағамен 2 523 тонна сұйытылған мұнай газы келетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбылда газ қондырғысымен жабдықталған көліктердің саны жылдан жылға артып жатыр. Мәселен биыл мұндай темір тұлпар саны 29 437 бірлікке жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 549 көлікке көп. Онымен қоса, облыс аумағы арқылы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автокөлік жолының 558 шақырымы өтетінін ескерсек, еліміздің оңтүстік бөлігін солтүстік, батыс, шығыс аймақтарын байланыстыратын транзиттік аймақ екені белгілі. Сол үшін де жаз мезгілінде транзиттік жүк, жолаушы және шет елдерінде тіркелген автокөліктердің қарқыны 2 есе артады. Бұл өңірдегі сұйылтылған газ тапшылығына сеп болады. Жамбылдағы газдың қасқалдақтың қанындай болуын энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ғалым Исақов осылай түсіндіреді. Оның сөзінше, бүгінгі күні Жамбыл облысы үшін сұйытылған мұнай газының айлық қажеттілігі 8,0 - 8,5 мың тоннаны құрайды. Осы орайда өңірге үкіметтен бөлінген әлеуметтік газ көлемі жыртығымызды жамамай отыр.
- ҚР Энергетика министрлігі тарапынан Жамбыл облысына ағымдағы жылдың 3-тоқсанына жалпы 17,6 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, оның ішінде шілде айына - 5 630 тонна, тамыз айына - 6 401 тонна, қыркүйек айына - 5 567 тонна. Тамыз айына бөлінген 6 401 тонна сұйытылған мұнай газының 4 102 тоннасы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауытынан, 2 299 тоннасы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытынан тасымалданады. Бұдан бөлек, «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауытынан шілде айына қосымша 972 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді,- деді Ғалым Исақов.
Басқарма басшысы өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газын ертерек жөнелту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын да атап өтті. Сондай-ақ, тамыз айына «Тенгизшевройл» ЖШС зауытынан обысымызға коммерциялық бағамен 2 523 тонна сұйытылған мұнай газының келуі жоспарланып отырғанын жеткізді.
- Бұл ретте, қазіргі таңда 3 вагон-цистернада 108 тонна сұйытылған мұнай газы теміржолмен жөнелуде. Бұл вагондар жақын уақытта жеткізіліп, автогаз құю станциялары арасында толыққанды бөлінетін болады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 252 тонна сұйытылған мұнай газы бар,- деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда балаларға арналған Президент шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024
Бүгін Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024