сенбі, 26 шілде, 2025 5:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы түзеу мекемесінде тәулігіне 600 жұп аяқ киім шығаратын цех ашылды

Жамбылдағы түзеу мекемесінде тәулігіне 600 жұп аяқ киім шығаратын цех ашылды
Фото - ашық дереккөз
Осылайша облыстық прокуратураның қолдауымен сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтудың тағы бір жобасы жүзеге асты

Жамбыл облысындағы №25 түзеу мекемесінде былғары аяқ киім шығаратын цех ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жеке кәсіпкер Бауыржан Теңізбаев 90 млн теңге қаржыға 500 шаршы метрден асатын шағын фабрика ашты.

- Қазіргі сәтте 25 адам жұмыс істеп жатыр. Ал болашақта 50-60 адам екі тәулікте жұмыс істейді. Тәулігіне 500-600 жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндігіміз бар. Цехтағы сотталғандардың айлығы 85 мыңнан 200 мың теңгеге дейін. Яғни, олар түрмеде отырып табыс тауып, жалақысын жақындарына жібере алады. Жұмыс істеу арқылы жазасын да жеңілдетуге мүмкіндік бар, - дейді жеке кәсіпкер Бауыржан Теңізбаев

Осылайша облыстық прокуратура сотталғандарды қолдау арқылы әлеуметтік ортаға қайта бейімдеудің тиімді жүйесін жүзеге асырмақ. Айта кетейік, аймақтағы 5 түзеу мекемесінде мыңға жуық жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған.

- Талапкердің үлесіне қатысты өздерінің шығындарын өтейді. Одан кейін мерзімінен бұрын босауға, мүмкіндіктері мерзімдерінің үштен бір бөлігін өтегеннен кейін бостандығын шектеу немесе қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыруға болады. Сондай-ақ екінші мүмкіндік екіден бір бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу бойынша мүмкіндік бар, - деді облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Жәнібек Қосжанов

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар