жексенбі, 22 маусым, 2025 22:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жамбылда қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Фото - ашық дереккөз
Жиында облыс прокуроры өңірдің 32 ауылында алкоголь өнімін сатудан бас тартқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді

Жамбыл облысында облыс прокурорының төрағалығымен жергілікті атқарушы, арнайы және құқық қорғау органдары басшыларының, мәслихат депутаттарының, бизнесмендердің, үкіметтік емес ұйым белсенділерінің, журналистердің, еріктілердің, педагогтардың, спортшылардың және өңір тұрғындарының қатысуымен «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, есірткі мен алаяқтыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және осы жұмысқа өңір тұрғындарын тарту шаралары талқыланды.

Қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтардың 20%, көшеде жасалғандардың 18,7%, ұрлықтың 27,3%-ға, тонаудың 58,6%-ға, бұзақылықтың 8,8%-ға, бопсалаудың 42,9%-ға, масаң күйде 5,7%-ға, топпен 17,7%-ға, бұрын жасағандармен 25,9%-ға, кәмелетке толмағандармен 42,1%-ға төмендеуінің оң динамикасы атап өтілді, бұл барлық қатысушылардың бірлескен күш-жігерін көрсетеді.

Үш және одан көп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды анықтау, оларға әлеуметтік желілер арқылы ескертулер жіберу және қайталама бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-қимыл алгоритмін әзірлеу үшін жұмыс басталды.

Сондай-ақ, кеңесте өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыруға бағытталған «Қоғаммен байланыс», «Қауіпсіз балалық шақ», «Komek Stop Bullying Jambyl» және «Есірткісіз болашақ» секілді прокуратураның жобалары таныстырылды.

«Қоғамдық байланыс» жобасы аясында прокурорлар 10 мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам азаматтарды қабылдау бойынша көшпелі акциялар өткізіп, 100 мыңға жуық тұрғынның өткір мәселелерін шешуге көмектесті.

Б. Момышұлы атындағы №45 «Qalqan» гимназия оқушыларының балалар арасында буллингке қарсы тұруға, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобасына ерекше назар аударылды.

Нұрғалым Әбдіров өңірдің 32 ауылында алкоголь өнімін сатудан бас тартқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

Сонымен қатар, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөнінде қосымша нұсқаулар берді.

Іс-шара соңында арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, педагогтар, спортшылар және қылмысқа қарсы күреске белсенді қатысқан өңір тұрғындары марапатталды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар