Жамбыл облысында тәртіп сақшыларының тыңғылықты әрі тиянақты жұмысы арқасында түрлі қылмыстық істердің көрсеткіші төмендеді. ӨКҚ алаңында болған баспасөз брифингі барысында Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов осылай деді.
«Халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделі шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында өткен брифнге соңғы 10 айдағы аймақтағы ахуал айтылды. Өңірдің бас полицейі Жамбылда 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі республика бойынша ең төменгі көрсеткіш 54 пайызды құрағанын айтып өтті. Ал, ел аумағында орташа көрсеткіш 88 пайызды құрайды. Жамбылда жол апатының жиілеуіне жол бермеу басты назарда. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыста жол көлік оқиғалары 27 пайызға азайған. Брифнгте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қылмысқа жол бермеу жағы сұралды. Бұл бағытта облыс орталығында көп пәтерлі 180 тұрғын үйдің ауласына 2 280 камера орнатылыпты.
«Жамбыл облысында осы жылдың он айында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 28 пайызға төмендеген. Орташа ауырлықтағы қылмыстардың 56 пайызға, шағын қылмыстардың 19 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді. Сондай-ақ, кісі зорлау саны 35 пайызға, қарақшылық шабуыл 40 пайызға, жалпы қылмыстық ұрлық көрсеткіші 47 пайызға төмендеді, оның ішінде пәтер, қалта ұрлығы және ұялы телефон ұрлығы азайды. Мал ұрлығының санын 17 пайызға, тонауды мен бұзақылық дерегін 26 пайызға төмендетуге қол жеткізілді» – деді Жанат Қуанышұлы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз