Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2022
- 251
Жамбылда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалуда. Бұл туралы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында айтылды.
Қазіргі таңда Жамбыл облысында жағдай тұрақты. Штабтың мәлеметінше, Жамбыл облысында 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2723 күдікті полицияға жеткізілген. Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 573-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 186 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 52-іне айыппұл салынып, 335-іне ескерту берілген), 57-іне қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 206-ға жетті. (Қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да бар). Оның ішінде 62 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 12 «Сайга» карабин, 24 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша, 3 гранатомет РПГ, 48 тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз