Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жас балаларды заңсыз жұмысқа алған кәсіпкерлер анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 29 желтоқсан, 2021
- 145
Жамбылда жас балаларды заңсыз жұмысқа алған кәсіпкерлер анықталды
Жамбылдық полицейлер балалардың еңбегін заңсыз пайдалану дерегін анықтады
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу деректерінің жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату мақсатында Жамбыл облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Оның барысында ювеналды полиция инспекторлары 14 нысанды (саяжай, шаруа қожалығы, үйлердің жертөлелері, вокзалдар, ойын-сауық мекемелері) тексерді.
Сондай-ақ аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейд жүрді. Нәтижесінде 3 күн ішінде полиция бөліміне кәмелетке толмаған 326 бала жеткізілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды: – алкоголь өнімін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін - 10 жеке кәсіпкер – 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін- 1 – кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесіне жібергені үшін-21. 29 ата-ана жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.
- Бұдан басқа, оқудан жалтарған және сабаққа қатыспайтын 20 жасөспірім анықталды, оның 18-і оқуға қайтарылды, қалған оқушыларға қатысты шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балалар еңбегін пайдаланудың 2 дерегін анықтады. Олар бойынша құжаттар Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасына жолданды,-деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала