жұма, 22 қараша, 2024 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жайра қайдан жүр?

Жамбылда жайра қайдан жүр?
ашық дереккөзі
Жамбылда жайра қайдан жүр?
Үнді жайрасы (дикобраз) – еліміздегі ең ірі кеміруші санатынан. Бұл аң түрі негізінен Талас Алатауындағы, Қаратаудағы, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі орман-тоғайларды, өзен аңғарларын мекен етеді екен. Тұрқы – 60-90, құйрығының ұзындығы – 12-15 сантиметрдей, салмағы 15-27 килограмдай болады.
Еліміздің аумағындағы Үнді жайрасының саны жылдан-жылға азая түскенін, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы хайуанаттар саябақтарында бары-жоғы жеті жұбы ғана сақталып қалғанын мерзімді басылымдардан оқып, біліп отырмыз. Бұл аң қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Жайра майының борсықтікі секілді шипалық қасиеті бол­ғандықтан да, оған көз сұғын қадаушылар көп-ақ. Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов ауда­нының аумағында облыстық орман шаруашылығы және жан­уарлар дүниесі аумақтық инс­пекциясы мен «Охотпром» ӨБ бірлесе жүзеге асырған іс-шара барысында «Қорағаты» елді мекені маңында тоқтатылып тексерілгенде, «Нива» жеңіл автокөлігінің ішінен жаңадан ауланып алынған үнді жайрасы (дикобраз) табылған. Бұл іске екі азамат кінәлі деп танылып отыр. Енді олардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану заңнамасын өрескел бұзу арқылы келтірілген зиянның (1 666 800 теңге көлемінде) орнын толтырудан басқа амалдары жоқ. Қазіргі уақытта қаскүнемдерге қатысты Т.Рысқұлов аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері оқиға орын алған аумақта тергеу амалдарын жүргізуде. Көбінесе, субтропикалық елдерде болмаса, еліміз аумағынан кездесе қоймайтын, зоопарктерден ғана көретін экзотикалық бұл аң түрі Жамбыл жерінде қайдан жүр? Бізді таңдандырған жайт осы болды.   Баймаханбет АХМЕТ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар