Жамбылда жол апатына көбіне Toyota Alphard тізгініндегендер ұшырайтыны айтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 22 тамыз, 2024
- 374
"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «Toyota Alphard» маркалы автокөліктерді тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олардың арасында қозғалыс жылдамдығының жоғарылауы, көру қабілетіне кедергі келтіретін алдыңғы әйнектегі сынықтар, қарсы машиналарға әсер ететін жарықдиодты шамдар және басқалар болды. Сондай - ақ, екі «Alphard» жүргізушісі қарсы жолаққа шықсы, тағы екеуі жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарған.
Барлық жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушылардың көп бөлігі транзитпен өтетін көрші облыстардың тұрғындары.
- Біз күн сайын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Көбінесе жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын, жол-көлік оқиғаларына себепші ретінде «Toyota Alphard» маркалы автокөліктердің жүргізушілері тіркеледі. Мысал ретінде жақында «Alphard» жүргізушісінің қарсы жолаққа шығып, патрульдік полицияның көлігімен соқтығысқан оқиғасын айтуға болады. Нәтижесінде 6 адам қаза тапты, оның ішінде полицейлер де бар. Жүргізушілерге жүгінсек, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ғана қайғылы оқиғаларды алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салғым келеді, өйткені жол қателіктерді кешірмейді, - деді Жамбыл облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрмет Мәжікенов.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға белсенді азаматтық ұстаным танытуға және "102" пультіне қоңырау шалу немесе Instagram zhambyl_police және taraz_police ресми парақшаларына жазу арқылы құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады. Барлық келіп түскен хабарлар бойынша полиция қызметкерлері дереу қажетті ден қою шараларын қабылдайды.