Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жол қозғалысына шектеу қойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 желтоқсан, 2025
- 377
Шектеу 11 желтоқсан күні сағат 08:30-дан бастап күшіне енді.
Жамбыл облысының Қордай ауданында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы–Ташкент–Термез» автожолының 143–214 шақырым аралығы уақытша жабылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шектеу 11 желтоқсан күні сағат 08:30-дан бастап күшіне енді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолдың жабылуына төменгі боран, көріну қашықтығының шектелуі және қозғалысқа қауіп төндіретін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болған. Осыған байланысты аталған учаскеде барлық санаттағы автокөлік құралдарының қозғалысына тыйым салынды.
Мамандар жүргізушілер мен жолаушыларға алыс жолға шықпауға, ауа райы және жол туралы ресми хабарламаларды назарда ұстауға кеңес береді.
Келесі мақала
Жамбылдық спортшы қол күрестен Азия чемпионы атанды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
№58 мекемеде «Дабыл» белгісі бойынша жоспарлы оқу-жаттығу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастармен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025




