жексенбі, 24 қараша, 2024 16:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жолдарға жауапты 190 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Жамбылда жолдарға жауапты 190 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
ашық дереккөзі
Жамбылда жолдарға жауапты 190 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Жамбыл полицейлері автокөлік жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 190 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты Жыл сайын 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясының қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп автомобиль жолдарына кешенді күзгі тексеру жүргізеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы ПД қызметкерлері 7-20 қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚазАвтоЖол» компаниясының және «Қазақавтожолдың» облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағын қамтитын облыстық (1 941,93 шақырым) және республикалық (1 196 шақырым) маңызы бар автомобиль жолдарын кешенді тексерістен өткізді. «Тексеру барысында облыстық маңызы бар жолдарда 639 кемшілік, республикалық маңызы бар жолдарда 762 кемшілік - жол белгілерінің болмауы және стандарт талаптарына сәйкес келмеуі, асфальтбетон жабынының бұзылуы, шұңқырлар анықталды. Күзгі кешенді тексеріс қорытындысы бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына анықталған кемшіліктерді жою бойынша 37 жазбаша нұсқама, ал «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына 12 нұсқама берілді», - деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Жайдарбек Құттыбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар