Жамбыл жаңалықтар
ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН 1 533 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2021
- 171
ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН 1 533 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп, 12 кәсіпорында 266,3 млн. теңгенің жалақы қарыздарын анықтап, олар толығымен жойылды. Осының нәтижесінде, 1 533 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.
Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі еңбек инспекция басқармасының басшысы Ернар Есіркепов баяндады.
Спикердің айтуынша, басқарма еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне байланысты кәсіпорындарға тоқсан сайын 20 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді. Олар ұжымдық шарттың, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуі, жалақы бойынша берешегін бақылау, жазатайым оқиғалардың саны және т.б. Осы орайда, жыл басынан басқармаға барлығы 806 (730) жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түскен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала