Жамбыл жаңалықтар
ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 12 ВЕТПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
- авторjambylinfo.kz
- 19 қазан, 2021
- 294

ЖАМБЫЛДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 12 ВЕТПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жамбыл облысы аумағында барлығы 11 ветеринариялық станция мен 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Оларда жалпы 1 121 қызметкер бар, оның 1 мыңға жуығы – мал дәрігерлері. Ветстанциялардың 10-ы, ветпункттердің 119-ы қызметтік ғимаратпен қамтылған. Биылға жоспарланған 28 ветпункттің 16-сы қолдануға берілді, қалған 12-сі жыл соңына дейін ұсынылмақ.

©©©
«Ветеринариялық станциялар аудандық әкімдіктерге бағынысты болғанда мал дәрігерлерінің айлық жалақысы орташа есеппен 80-90 мың теңге құраған. Ал облыстық ветеринария басқармасына қарағалы бері бұл көрсеткіш 110-120 мың теңгеге өсіп, бір жүйеге келтірілді. Ағымдағы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес өз деңгейінде орындалуда. Аса қауіпті аусыл, сібір жарасы, құтыру сынды індеттерге қарсы егу толық орындалды», - деп атап өтті басқарма басшысы.

©©©
«Жамбыл облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын басшылыққа алып, олардың санын реттеу бағытындағы іс-шаралардың арнайы жоспарын бекіттік. Қазіргі таңда Тараз қаласы мен аудандар аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды гумандық жолмен аулау жүргізілуде. Оларды ұстайтын орын салу, оны күтіп ұстауға кететін шығын бюджеттік бағдарламада қаралмағандықтан, уақытша күтіп ұстау орны ұйымдастырылды. Ауланған жануарлар арнайы автокөлікпен тасымалданады», - деді Ербол Жұмабекұлы.

Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық оқырмандар ақын Ақсұңқар Ақынбабамен жүздесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025