1 қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері жылу беру маусымына 100% дайын.
Бірінші кезеңде денсаулық сақтау және мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) мекемелері жылумен жабдықтауға қосылуда.
Келесі кезеңде тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және басқа да нысандар жылумен қамтылады. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, ол үшін сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8 градусқа тең немесе одан төмен болуы керек.
Өткен 5 күнде өңірдегі орташа тәуліктік температура: + 10°С-ден + 11°С-ге дейін және сәрсенбі күні ғана + 7,5°С болды.
Қазгидромет орталығының болжамына сәйкес алдағы күндері орташа тәуліктік температура жұма күні +12°С, сенбі + 13°С, жексенбі мен дүйсенбі күндері + 12°С, ал сейсенбі 10 ° С болады деп күтілуде.
Алайда, коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқыны және ЖРВИ аурулары маусымының басталуын ескере отырып, температура күрт төмендеген жағдайда тұрғын үйлерге жылуды мерзімінен бұрын беру мәселесі қарастырылады.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз