Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер саны артты
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:48
- 54
Деректерге сай, кадастрлық төлқұжат беру және техникалық тексеру қорытындыларын шығару бойынша 15 465 қызмет көрсетілген
Жамбыл облысында жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сай, кадастрлық (техникалық) төлқұжат беру және техникалық тексеру қорытындыларын шығару бойынша 15 465 қызмет көрсетілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 191 құжатқа көп.
- Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бойынша жыл бойы 20 814 өтініш қабылданып, барлығы уақытылы орындалды. Оның ішінде 10 152 өтініш электронды үкімет порталы арқылы жолданған. Техникалық төлқұжаттың телнұсқасын беру бойынша 213 құжат дайындалды. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан тіркелген ғимараттар, құрылыстар және олардың құрамдас бөліктері туралы 5 136 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 1 993-і электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.