дүйсенбі, 22 сәуір, 2024 9:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбылдық ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының шығармашылығы насихатталды

Жамбылдық ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының шығармашылығы насихатталды
Сурет: jambylinfo.kz
Т. Рысқұлов ауданында қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлының шығармашылығы түрлі шаралар арқылы насихатталды

Аудынның бірқатар ауылдық округтерінің  кітапханасында ардагер, журналист, қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлын еске алуға арналған  әдеби шаралар өткізілді, деп жазады  jambylinfo.kz


 Көкдөнен ауылындағы кеш барысында кітапханашы ардагер, журналист қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өзінің дайындаған "Талай талантты шыңдаған шаңырақ" атты баяндамасын оқыды. 


Шарада кітапхананың тұрақты оқырманы Аида Түлкібай Баттал Жаңабайұлының "Журналистердің сардары" атты журналистің басынан кешкен өмірі жайлы айтып берді.


Сонымен қатар, Құмарық ауылдық кітапханасында ерен тұлғаның шығармашылығына арналған «Қарымды қаламгер - Баттал Жаңабайұлы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Ал, Жаңатұрмыс және Қарақыстақ ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен өткен шара барысында Баттал Жаңабайұлының өмірі жайлы мағлұмат беріліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапхана оқырмандары өз ойларын айтып, шығармашылығымен танысты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар