жексенбі, 24 қараша, 2024 17:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық ауылшаруашылығы мамандарына сауықтыру шипажайларына жолдамалар берілді

Жамбылдық ауылшаруашылығы мамандарына сауықтыру шипажайларына жолдамалар берілді
ашық дереккөзі
Жамбылдық ауылшаруашылығы мамандарына сауықтыру шипажайларына жолдамалар берілді
Жамбыл облысы ойынша «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясы филиалының ұйымдастыруымен Covid-19 ауырған ауылшаруашылығы қызметкерлеріне денсаулығын қалпына келтіру мақсатында емдеу-сауықтыру орындарына жолдамалар тапсырылды. Әлемде ғана емес, елімізде де кең тараған Covid-19 ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерін де дертке душар етті. Дегенмен, ем қабылдап, қазір ахуал реттеліп келеді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қашан да сала қызметкерлеріне қолдау көрсетіп тұрады. Бүгін Жамбыл облысы бойынша «Ауыл» ХДПП ұйымдастыруымен Covid-19-бен ауырған ауылшаруашылығы қызметкерлерінің денсаулығын қалпына келтіру мақсатында емдеу-сауықтыру орындарына жолдама берілді. Партия Тараз қалалық филиалының төрағасы Қайрат Байжанов сала мамандарының еңбегі ерен екендігін айтып, мықты денсаулық тіледі. –Ауылшаруашылығы негізгі сала екені белгілі. Егіс даласы мен шаруа қожалықтарында қызмет қылу, еңбек ету көп кісінің қолынан келе беретін іс емес. Бірақ мемлекет эконмикасының еселеп өсуіне осы саладағы мамандардың ықпал үлесі айрықша деп есептеймін. Сондықтан сіздердің денсаулықтарыңыздың мықты болуы қажет. Инфекциялық дерттен айыққаннан бөлек, денсаулықты қалпына келтіру аса маңызды. Сол себепті сауықтыру орындарына арнайы жолдамалар ұсынып отырмыз. Жақсылап тынығып қайтыңыздар, - деді Қайрат Балабиұлы. Партия филиалының ұйымдастырумен Меркі емдеу-сауықтыру шипажайына, ГРЭС сауықтыру орнына дертке душар болған 5 адамға жолдама тапсырылды. Онда бірқатар ем-дом қабылдап, 10 күн мамандардың қарауында болады. Жалпы «Ауыл» ХДПП тарапынан мұндай іс-шаралар үнемі жасалып келеді. Мәселен, білім күні қарсаңында инфекциялық стационарда жұмыс жасаған медицина саласы қызметкерлерінің мектеп жасындағы балаларына арнайы құрал-жабдықтар мен сөмкелер табысталса, Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы жарылыс оқиғасы мен су қоймасы бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданындағы зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек жіберілген болатын. Мұндай бастамалар мен жәрдем жасау алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар