сенбі, 23 қараша, 2024 6:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдың бас полицейі 10 жасар баланың арманын орындады

Жамбылдың бас полицейі 10 жасар баланың арманын орындады
ашық дереккөзі
Жамбылдың бас полицейі 10 жасар баланың арманын орындады
Жамбыл облысы Полиция департаментінің "Instagram"-дағы парақшасына 10 жасар баланың әжесі Виктория Михайлова жазба қалдырған болатын. Ол немересіне Полиция департаменті бойынша экскурсия ұйымдастырғысы келетінін және Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменовпен кездестіруді қалайтыны жөнінде жазған. Бұдан бөлек, әжесі немересі Константиннің  үлгілі оқушы, "Ақбота", "Пони", «Русский медвежонок», "Кенгуру" секілді  зияткерлік конкурстардың жүлдегері екенін, сондай-ақ  немересінің ұдайы патрульдік полиция көліктерін ерекше  қызығушылықпен бақылап отыратынын да жеткізген. Тұрғындар тілегін үнемі назарында ұстайтын Жанат Қуанышұлы жеткіншекті қабылдауға қуана келісіп, кездесу тағайындады. Белгіленген күні Константин әжесімен бірге Полиция департаментіне келді. Полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменов балақаймен өзінің жұмыс кабинетінде кездесіп, емен-жайрқын сұхбат құрды. Әңгіме барысында Костя өзінің оқудағы жетістіктері, шахматқа әуестігі және таңдаған болашақ мамандығы  туралы айтып берді. Бала полицейлердің жұмысы туралы мүмкіндігінше көп білгісі келтінін айттын. Өз кезегінде Жанат Сүлейменов оған Полиция департаментінің музейінде болып, ішкі істер органдарының  қалыптасу тарихымен танысуды ұсынды. Тәртіп сақшыларының қым-қуат тіршілігімен танысу рәсімі Тараз қаласының Жедел басқару орталығында жалғасын тапты.  Орталық экраннан бүкіл қаланы  көрген Костя өзінің таңданысын жасыра алмады.  width= Кездесу соңында Жанат Қуанышұлы Константинге мықты денсаулық, оқуда табыс және өз отбасын  әрдайым жеңістерімен қуантуды тоқтатпауын  айтып, сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің эмблемасы бар қолсағат  облыстың бас полицейі сыйға тартқан кезде Константиннің қуанышында шек болмады. Соңында, әжесі Виктория Михайлова полиция генерал-майорына осындай жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ бұл кездесу немересінің жадында ұзақ жылдар бойы қалатынына сенім білдірді.   Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар