жексенбі, 15 маусым, 2025 4:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық өнерпаздар Алматыда «Атыңнан айналайын, Әулиеата!» атты өнер кешін өткізді

Жамбылдық өнерпаздар Алматыда «Атыңнан айналайын, Әулиеата!» атты өнер кешін өткізді
Фото: Jambylinfo.kz
Кештің шымылдығы «Түркі өркениетінің тұғыры – Тараз!» атты «Ақкербез» би ансамблінің әсерлі прологымен ашылды. Бұл көрініс көне Тараздың тарихынан сыр шертіп, көрерменді терең ойға жетеледі.

Алматы қаласындағы «Республика» сарайында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен өңірден шыққан өнер шеберлерінің қатысуымен «Атыңнан айналайын, Әулиеата!» атты концерт өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мерекелік кештің аясында қазақ музыкасының інжу-маржандарын насихаттап жүрген өнер саңлақтары көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сахна төрінде «Тараз» триосы — ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Асылхан Шүңіреков, Ержан Ыдырысов, Мәдениет саласының үздігі Ноян Сейділдаев, «Жамбыл» триосы, «Дауыс» квартеті, Мәдениет саласының үздіктері: Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров, Мадина Сағынбекова, Айгүл Мақашова, Маралбек Бабақұлов, Ғани Мәтебаев, Әсел Уашева, Құрмаш Қуанышбаев, Айна Қалмағанбетова, Азамат Алмереков сынды өнер иелері өнер көрсетті.

Кештің жұлдызды қонақтары – жамбылдық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Мөлдір Әуелбекова өздерінің әсерлі әндерімен тыңдарманның көңілін көтеріп, салтанатты кешке сән қосты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков пен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай концертті арнайы тамашалады. Сондай-ақ кешке еліміздің мәдениет пен білім саласының танымал өкілдері, жазушылар мен қоғамқайраткерлері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында – ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев пен қазақ театры мен кино өнерінің ардагері Тұңғышбаев Жаманқұлов болды.

Айта кету керек, бұл айтулы шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан «Қуатты аймақтар – қуатты ел» тұжырымдамасын насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын кеңінен дәріптеу аясында ұйымдастырылды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар