сейсенбі, 24 маусым, 2025 11:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» фестивалінің гран-при иегері атанды

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» фестивалінің гран-при иегері атанды
Фото: "Жұлдызай" фонды
Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. 2005 жылдан бастау алған бұл фестиваль биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

Фестивальге республика бойынша 100 мыңнан астам ерекше балалар қатысты. Жеңімпазды жұртшылық дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дауыс беру қорытындысы бойынша Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай орта мектебінің оқушысы Тілеужан Інжу ең көп дауыс жинап, байқаудың Гран-при иегері атанды. Талантты оқушыға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, фестиваль барысында ерекше балалардың дамуына үлес қосып жүрген Жамбыл облысының үш педагогы “Жұлдызды ұстаз” төсбелгісімен марапатталды. 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар