жексенбі, 18 мамыр, 2025 21:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық қолөнершілер тіккен киіз КИНЭС рекордтар кітабына енді

Жамбылдық қолөнершілер тіккен киіз КИНЭС рекордтар кітабына енді
Жамбыл облысы әкімдігі
Қолөнер бұйымы 200 метрге жетеді

Халықаралық «Қызғалдақ мұра» фестивалі аясында жамбылдық қолөнершілер 200 шаршы метрлік киіз басып, Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін шеберлер қызғалдақтардың отаны саналатын Қаратау тауының бөктерінде үш айлық еңбектерінің нәтижесін таныстырды. Фестивальде Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабының сертификаты салтанатты түрде табысталады.

Шара қатысушылары, оның ішінде шетелдік қонақтар да  қолөнершілердің еңбегіне жоғары баға беріп, зор ықыласпен қабылдады.

– Қазақ халқы үшін киіздің орны айрықша. Ақпан айының ортасында өңірдегі бес қолөнершілер ассоциацияның 100 мүшесі бірігіп, бұл іске жұмылды. Шығармашылық топ күн-түн демей еңбек етіп, қызғалдақ бейнесі бедерленген бірегей бұйымды жасап шығарды. Киіздегі өрнектерді белгілі дизайнер Айдархан Қалиев таңдады, – дейді «Qoloner Taraz» қоғамдық бірлесігінің төрағасы Раушан Құндызбаева.

 

Ісмерлер киіз басудың дәстүрлі ылғалды әдісін қолданып, жергілікті табиғи шикізатты пайдаланған.

 

Айта кетейік, рекордтар кітабына енген қолөнершілердің киізі арнайы шынымен қапталып, халықаралық «Әулие-Ата» әуежайына табыс етілмек.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар