сәрсенбі, 15 сәуір, 2026 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді

Жамбылдық полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді
Ашық дереккөз
Өңір тұрғындарына қолданыстағы заңнама нормалары бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысында «Заң және тәртіп» мемлекеттік идеологиясын іске асыру аясында «Жолдағы қабылдау» профилактикалық акциясы өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Акция барысында әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік және көші-қон қызметінің қызметкерлері қоғамдық орындарда азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарына қолданыстағы заңнама нормалары бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бір күн ішінде барлығы 107 адам көмекке жүгінді. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, шетел азаматтары үшін ықтиярхат пен жұмыс істеуге рұқсаттарды рәсімдеу, қылмыстық істердің тергелу барысы, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, бейнекамералар мен жолдарғажасанды кедергілер орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауалдарын қойды. 

Әрбір өтініш бойынша жан-жақты жауаптар беріліп, қажетті ұсынымдар жасалды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, аталмыш акциялар халық пен полиция арасындағы ашық әрі тиімді диалогты қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар