Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық құтқарушылар жеті жасар баланы ауруханаға жеткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қаңтар, 2025
- 939
Жуалы тұрғыны боран соққан түні 112-ге хабарласқан
Жамбылдық құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамай жеті жасар баланы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, түнде 112 пультіне Жамбыл облысы Жуалы ауданында жеті жасар баланың жоғары дене қызуымен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түскен.
- Құтқарушылар тобы жедел жәрдемнің екі қызметкерімен ауа райының қолайсыздығына байланысты оқиға орнына күрделі жағдайларда жұмыс істеуге арналған ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігімен жөнелтілді. Бала шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






