бейсенбі, 3 сәуір, 2025 2:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық тәртіп сақшылары бір күнде 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады

Жамбылдық тәртіп сақшылары бір күнде 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады
Фото - ашық дереккөз
Осылайша 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысындағы рейдтік іс-шаралардың  алғашқы күнінде полицейлер 600-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында аймақта "Қауіпсіз жол" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Рейдтік шараның алғашқы күні полицейлер Жол қозғалысы ережелерін  бұзудың 626 дерегін анықтаған. Оның ішінде мас күйде көлік жүргізген 4 азамат ұсталған.

-Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін - 82 көлік жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 33 жүргізуші, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 24 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Орынбасар Жалдығараев.

Сонымен қатар, рейд барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың -3 дерегі, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 5 дерегі анықталды. 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге Жол қозғалысы ережелерін  қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар