сейсенбі, 10 маусым, 2025 21:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар кардиологқа көбіне қандай шағыммен жүгінеді

Жамбылдықтар кардиологқа көбіне қандай шағыммен жүгінеді
Фото - Jambylinfo.kz
Мамандар кең таралған ауру түрлерін айтты

Жамбылдықтар кардиологқа көбіне қандай шағыммен жүгінеді ? Жүрек аурулары қалай емделеді? Осы және өзге де сұрақтарға кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директорының орынбасары Ғибадат Әміреқұлова жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы трансплантология саласында тың технологияларды енгізген. Мұнда үлкендер мен балаларға арналған кардиохирургия, кардиология, оңалту, рентген-эндоваскулярлық хирургия, жансақтау, диагностикалық бөлімдер және клиникалық зертхана бар. Осының арқасында қазіргі күнге дейін 5000-нан астам жүрекке ота жасалған.

Осы орайда дәрігерден өңір тұрғындары кардиологқа көбіне қандай шағыммен жүгінетінін сұрадық.

- Бүгінгі күні жүрек ишемиясы ауруы жасарып келеді. Олай дейтініміз, бұрындары мұндай жүрек қан тамыры ауруымен жасы егде тартқан адамдар ауыратын. Ал, қазір жастар осы мәселемен орталыққа жиі жүгінеді. Жалпы бұл ауру темекі шегу, артық салмақ, қант диабетінен болады. Сол үшін де зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанып жүру маңызды, - деді кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директорының орынбасары Ғибадат Әміреқұлова.

Айта кетейік, орталықтың қызметі тек клиникалық емес, ғылыми, әдістемелік және білім беру бағыттарын да қамтиды. Жаңа технологияларды енгізу мен ғылыми ізденістер – мекеменің басты ұстанымдарының бірі. Соның жарқын мысалы – торакоскопиялық әдіс арқылы жүрек ақауларын түзету тәсілі. Бұл – Қазақстанда алғаш рет жасанды қан айналымы жағдайында жүргізілген зерттеу. Жоба мемлекеттік грант арқылы жүзеге асырылған.

Тағы бір маңызды жетістік – жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарға арналған "жасанды сол жақ қарынша" – LVAD (HeartMate3) құрылғысын орнату әдісі. Бұл операция жүрек трансплантациясына дейін қан айналымын уақытша қолдап, науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін орталықта 36 құрылғы имплантацияланған. Қазақстанда мұндай ота түрін тек Нұр-Сұлтан мен осы орталық қана жасайды.

Орталықтың табысты жұмыс істеуіне жоғары білікті мамандар себеп. Мұнда медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, профессорлар, PhD докторлар, медицина магистрлері мен жоғары санатты дәрігерлер еңбек етеді. Орталық шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, еліміздің оңтүстік өңіріндегі медициналық мекемелермен тығыз әдістемелік байланыс орнатқан.

Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және сапа бағытындағы жұмыстарды жоғары санатты кардиолог Ахмет Айгүл Төленді қызы үйлестіреді.

Бүгінгі таңда ғылыми-клиникалық орталық – жүрек ауруларын емдеудегі сенімді мекеме ғана емес, заманауи медицинаның даму нүктесіне айналып отыр. Бұл орталықтың әрбір жетістігі – жүздеген адамның өміріне үміт сыйлаған қадам.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар