Жамбыл жаңалықтар
Жамыл облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылады
- авторjambylinfo.kz
- 19 қазан, 2021
- 342

Жамыл облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылады
Тараз қаласының іргесінде соғылып жатқан құс фабрикасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланған. Онда жылына 21 мың тонна өнім шығарылатын болады.




«Қазір өңірдің Жамбыл, Байзақ аудандарында құс фабрикалары салынуда. Оны ірі бірнеше компания жүзеге асырып жатыр. Жалпы алдағы жылдары құс еті экспортын арттыратын боламыз», - дейді басқарма басшысы.




«Бір кездері тауарлы сүт өндіретін фабрика болған ғимарат ұзақ жылдар бойы қаңырап, бос тұрған әрі әбден тозығы жеткен екен. Қазір оны құс фабрикасына ыңғайлап, қайта жөндеу үстіндеміз. Суды алыстан тасымас үшін алдымен ұңғыма қазып, су мұнарасын орнатып алдық. Фабрикаға қажетті құрал-жабдықтар Германиядан жеткізілді. Жыл соңына қарай фабрика алғашқы өнімін бере бастайды», - деді ол.

Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбылдық шаруалар қызылша жинауға кірісті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таза Қазақстан: Таразда жастар аулаларды тазартты
- авторМағжан Орынбасар
- 9 маусым, 2025